Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқ-қолы, іші мен құлағында көгерген жерлер болған": Павлодарда өгей әкесі 2 жасар қыздың екі жақ сүйегін сындырған

Павлодарда екі жасар баланың бір мезетте екі жақ сүйегі сынған. Алғашында қыздың анасы дәрігерлерге жарақат төсектен құлау салдарынан болғанын айтқан. Алайда кейін оны анасының азаматтық некедегі күйеуі ұрғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Nuttanin Knyw / Getty Images

Павлодар облыстың балалар ауруханасының мәліметінше, нәрестені ұрып-соғу кезінде анасы жұмыста болған.

"2022 жылы туған баланың анасы 16 қаңтарда жедел жәрдемге баласының жақ сүйегі ауырсынып жатқанын айтып, шағымданды.  Кезекші травматологтың тексеруі және рентгенографиясы екі бұғана сүйегінің жабық сынығын растады. Анасының айтуынша, бала бір күн бұрын төсектен құлап кеткен. Дәрігерлер таңғыш тағып, амбулаторлық бақылауға жіберді. 17 қаңтарда сағат 11:35-те анасы жедел жәрдем бөлмесіне баласымен оралды. Бұл жолы әйел өгей әкесі қызын ұрып-соққанын хабарлады. Бала екі жағынан тікелей соққы алған немесе баланы лақтырған болуы мүмкін. Сосын бала құлап, сәйкесінше екі жақ сүйегін сындырған", – деді врач-травмотолог Сергей Самец. 

Баланың екі жақ сүйегі сынып қана қоймай, қолында, аяғында, іші мен құлағында көгерулер мен гематомалар болған.



Полицейлер баланың соққыға жығылғаны туралы ақпаратты растады.

"Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада. 

Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева қызды ұрды деп жәбірленушінің анасымен бірге тұратын ер адам күдікке ілінгенін айтты. 

"Тергеушілердің мәліметінше, анасының азаматтық некедегі күйеуі екі жасар қызға дене жарақатын салған. Қазір қызға гипс салынған. Ол үйде дәрігерлердің бақылауында. Іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тергеліп жатыр. Мен зардап шеккендермен кездестім. Мәселе менің жеке бақылауымда", – деді облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева.

Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде өгей балаларын ұрып-соқты деп айыпталған ерлі-зайыпты қамқоршылықтан айырылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау