Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқасты ұшып келдік": Төреғали Төреәлінің қарындасы күтпеген мәлімдеме жасады

Денсаулығына байланысты концерті кейінге шегерілген Төреғали Төреәлінің қарындасы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесінің қос қарындасы Астанадан Алматыға келді. 

“Ағамның жағдайын білу үшін аяқасты ұшып келдік. Алматыға қонғанда жүрегім орнына түсті. Бірақ қандай күйде жеткенімді бір Алла ғана біледі”, – деп жазды Дина Төреәлі. 



Еске салайық, өнер иесінің төрт қалада жоспарланған концерті өтпей қалған еді. 

“Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісімшартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған концерттерді кейінге шегіндірдік. "Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады" деген. Алла шипасын берсін”, – деп жазған еді әншінің әкесі. 

Талқылау