Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғынан айырылған Алматы тұрғыны жантүршігерлік жол апаты жайында айтып берді

Жанна Мухамадидің адвокаты жол апатында екі аяғынан айырылған Алматы тұрғынымен кездесіп, апаттың мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Апаттың қалай болғаны Катяның толық есінде.

“Катя Найлямен бірге әл-Фараби даңғылының батыс жақ бағыты бойынша келе жатады. Президент саябағына қарама қарсы жолдың бетінде Катяның көлігі шұңқырға түсіп кетеді. Осы кезде көліктің алдыңғы дөңгелегі бұзылған. Көліктің дискі майысып кеткен. Осы себепті көлік тепе-теңдікті ұстай алмай қиқалақтап жүреді. Катя – көп жылдық тәжірибесі бар жүргізуші. Сондықтан ұстамдылық танытып, көлікті өз бағытымен жүргізіп, қауіпті жағдайда тоқтата алған”, – деп жазады Мухамади Facebook желісіндегі парақшасында.

Жүргізуші апат белгісін басып, өзі зақым келген жерін көру үшін көліктен түскен. Кейін багаждан апат белгісін алып шықпақ болады. Осы кезде “Тойота Камри” көлігімен қақтығысады.

Шұңқырдың суреттері тергеу алдындағы материалда көрсетіледі.

“Катя қазір палатада жатыр. Оған тек жақындарын ғана кіргізеді. Катя мен оның жақындары көмек көрсеткен барлық жанға алғысын айтуда.Бойжеткен қазақстандықтардың қажет кезде көмек қолын созуға дайын тұратынына көз жеткізгенін айтады”, – дейді Мухамади.

Катя істің мән-жайы толық әрі жан жақты тексерілетініне сенімді. Ол мұндай жағдай ешкімнан басынан өтпесеекендеп тілейді.

Бұған дейін Алматыда болған ірі жол апаты салдарынан бойжеткеннің аяғынан айрылғанын хабарлаған едік.

 

Талқылау