Аяғын басып кеткен ұлын тікелей эфирде балағаттап жіберген Қайрат Нұртас ұятқа қалды (видео)
Танымал әнші Қайрат Нұртас аяғын басып кеткен ұлын балағаттаймын деп ұятқа қалды. Себебі бұл жағдай әншінің інісі Заңғар әлеуметтік желідегі тікелей эфирді жүргізіп отырғанда орын алып, оған Қайраттың мыңдаған тыңдарманы куә болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Қайрат Нұртас отбасымен демалып жатқан кезінде аңдаусызда аяғын басып кеткен ұлы Нарұлды балағаттап жіберді.
Бұл кезде әншінің інісі Заңғар Instagram желісіндегі тікелей эфирді жүргізіп отырғандықтан, Қайраттың әрекетіне көпшілік куә болды.
Өз кезегінде әншінің ұлы әкесіне «жаман сөз айтуға болмайтынын» айтты.
«Әке, боқтама. Жаман сөз айтуға болмайды», – дейді Нарұл видеода.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.
Ал желі қолданушылары ұлын балағаттаған Қайратқа сыни пікірлерді жаудырды. «Балалары Қайраттан тәрбиелі сияқты», «Мақтаған қыздың тойдағы әрекетін көрсетті ғой», «Тәрбие үйден басталады. Көшеде періште болудың қажеті жоқ», – деп жазды желі қолданушылары.
Десе де Қайратты жақтап, балағат сөздерді бәрінің қолданатынын айтқандар да болды.
Оқи отырыңыз:
Жұбайы Бейбітті туған күнімен құттықтап, өлең арнаған Тоқтар Серіков жұртты сүйсіндірді
Айдана Меденова Кореяда жүлдеге ие болды (фото, видео)
Димаш Құдайберген Канн кинофестивалі аясындағы қазақ кешінде ән шырқайтын болды