Аяғы ауыр Жанар Дұғалова жұртты сүйсіндірді
Биыл көктемде ұзатылған Жанар Дұғалованың жүкті екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
Әлеуметтік желіде Жанар Дұғалованың Алматыда Республика сарайының алдында өнер көрсеткен видеосы тарады. Видеодан әншінің жүкті екенін байқауға болады.
Аяғы ауыр болса да, сахнада еркін қозғалып, жанын салып ән шырқаған Жанар Дұғалова көпшілікті таңғалдырды.
“Біз жай сөйлегенде ентігіп қаламыз. Жанар мықты ғой”, “Керемет, жарайсың Жанар”, “Жүкті болса да шауып жүру әркімнің қолынан келе бермейді”, “Аяғы ауыр болса да, сахнаны жарды”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.
Желідегілер енді Кәмшат Жолдыбаеваның ана болғанын көргісі келетіндерін жасырмады.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан