Ай бетінде ғарыш базасын салуға қолайлы үңгір табылды
Айдың бетінде ғарыш базасын салуға ыңғайлы үңгір табылды. Зерттеу нәтижелері 17 қазан күні “Geophysical Research Letters” журналында жарияланды.

Америкалық және жапониялық ғалымдар біріге отырып “Кагуя” аппаратының көмегімен Айдағы лава құбыр жолдарын зерттеген. Лава құбыр жолы Бурь Теңізі аумағында анықталды. Ол үңгірге кіретін жол екен. Жоғарғы қабаттан 75 метр тереңдікте орналасқан. Бұл жаңалық Айдың жоғарғы бетінде белгілі бір нысандар салуға болатындығымен маңызды болып отыр. Мұндай үңгірлер радиациядан, метеориттер мен температураның күрт құбылуынан қорғануға болатын қолайлы жер.
Алматылықтарды жөндеу жұмыстарынан көтерілген шаң әбігерге салды: Дәрігер мұның денсаулыққа қандай қаупі туралы айтты
Алматылық биылғы жазды “ең шаңды жаз” деп атады
"Терезеге қарай біреу шақырды": Алматыда 6-қабаттан құлаған қыздың өліміне қатысты күдіктінің жақындары өз нұсқасын айтты
Алматыда қыздың өліміне қатысты қамауға алынған жігіттің жақындары істі қайта қарауды сұрады