Авиашоуда орын алған ұшақ апаты видеоға түсіп қалды (видео)
Финляндияда өткен авиашоуда орын алған ұшақ апаты видеоға түсіп қалған. Telegram арналарының мәліметінше, ұшақты елдегі ең үздік ұшқыштардың бірі басқарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ilta Sanomat басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Финляндияның Коувола қаласында өткен авиашоуға екі жүзден астам адам қатысқан. Пилотаждық маневр кезінде Extra 300 ұшағы әуежай маңындағы орманға құлаған. Финляндия ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақты басқарған ұшқыш қайтыс болған. Авиашоуға келгендердің ешбірі зардап шекпеген.
Шараға елдің екі үздік ұшқышы - Стен Стокманн мен Харри Канто қатысқан. Олардың қайсысы құлаған ұшақты басқарғаны әзірге белгісіз.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді