Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр дертін еске алған Сара Амангелді көзіне жас алды

КешYou тобының бұрынғы солисі Сара Амангелді 23 жасқа толды. Алайда бойжеткен кезекті меншікті мерекесін тойламауды жөн көрген. Жақында ғана ота жасатып, емханадан шыққан бойжеткеннің туған күн тойлауға құлқы болмаған.

Сара Амангелді

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

Жақында емханадан сурет жариялап, отаға кіріп баратынын жазған Сара көпшілікті алаңдатқан болатын. Алайда Амангелді дерті жайлы жан баласына жақ ашпады. Бүгін көзіне жас алған әнші бала кезінен бойын жайлаған қандай ауру екенін айтты.

“Кішкентай кезімнен бір проблемный ауруым бар еді өзімнің. Бірнәрсе болса ауырып қала берем, суықтап қалсам, тәтті жеп қойсам асқынып кететін ауру еді. Сондықтан да маманың өзі айтқан болатын, «сенің қиналғаныңды көргім келмейді» деген сияқты. Рахмет айтам мамаға, өйткені…” – деген өнер иесі сөзін жалғай алмай, көзіне жас алып қалды.

Денсаулық пен өмірдің қадірін ерте түсінген Сара 23 жас туған күнін тек жақындарының ортасында атап өтуді жөн көрген. Барым да, нарым да отбасым деген Сара туған күніне келген ең қымбат сыйлықты да отбасы тарту еткенін айтты.

“Ең бағалы зат туған күніме – машина болды. Қатты өзім сенбей. Он сегіз жасымнан бастап машина айдаймын. Жеті жасымда ауылда ағамның машинасын оталдырып, бүкіл ауылды айналып келгенмін ғой мен. Сондай да қызық оқиғалар бар”, – дейді Сара Амангелді.

Сараның өнерге қадам басуы да – өз алдына қызықты оқиға. Кезінде, балалар байқауында жүргізуші болған ол, жеңімпаздардың жүлдесіне қызығып, әншілікке бет бұрған екен.

«Мә, мына жақта деген ән айтып, телевизор алады екенғой. Мен де ән айтып көрсем ғой» деп. Онша былай күшті дауысым болған жоқ. Жаңағы менде тек телевизорды ұтып алу керек боп тұр да. Сосын айттым, мен негізі ән айта аламын деп, өзінше”, – дейді Амангелді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау