Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыпбаев: Күзетші болып жүр дегенді естігендер қаржылай көмек ұсынды

«Меломен» тобының бұрыңғы әншісі Жігер Ауыпбаев топтан кеткеннен кейін «күзетші болып жұмысқа тұрыпты» деген ақпарат тараған еді.

жігер
Бұл әңгіменің дәлелі ретінде әншінің күзетші киіміндегі, жасырын түсірілген видеосы да тараған болатын. Осы және өзгеде мәселелер бойынша Stan.kz сайтына сұхбат берген әнші өміріндегі жаңалықтарын ашып айтты.

-Жігер, қазір қайда жүрсіз? Немен айналысып жатырсыз?

– Мен қазір жеке әнші ретінде шығып жүрмін. Он жыл бойы продюсермен жұмыс істедім. Қазір ешкімнің қас-қабағына қарамастан, қалаған ісіммен айналысу мақсатында, шығармашылық еркіндікке қол жеткізу үшін өзіммен-өзім жұмыс істеп жатырмын. Өнер саласын үй десек, осы жолды таңдап келгеннен кейін, есігінен сығалап қана қоймай, барлық бөлмесіне кіріп көріп, терезелерін ашып, тіпті сол үйді жинап, тазалап кету керекпін деп ойлаймын.

-Сізді топтан кеткеннен кейін күзетші болып кетті деген әңгіме тарады, осы қаншалықты рас?

– Иә, мені күзетші болып кетіпті деген сөзді де, оған дәлел болған видеоны да көрдім. Бір адамдар қуанған да болар. Менің жаныма медеу болғаны, тыңдармандарымның ыстық ықыласы. Себебі, осы видео тарағаннан кейін мені іздеп, көмектескісі келетіндер көбейді. Тіпті жеке өзіме «Күзетші болып жұмыс істегенше, хабарлассаң қайтеді?» деп жазғандар болды. Әрине оның ішінде ақша ұсынып, көмектескісі келетіндер де өте көп болды. Әрине, мен соншалықты қиындыққа душар болған жоқпын. Ол видео киноға түскен сәттен үзінді болатын.

-Қазір «Меломен» тобының жігіттерімен қарым-қатынасыңыз қалай? Татуластыңыздар ма?

-Мені топтағы жігіттер мен қазіргі продюсерге телефон арқылы бір ауыз хат жазып қоштасты, олардың сый-құрметі, құны бір хат болды деген сөздер өзіме ауыр тиді. Одан қалса менің қажылық сапарымды әңгіме қылғандары тағы бар. Мен ешқандай да Сирияға соғысқа аттанғаным жоқ. Мен мұсылмандық парызымды өтеуге бардым. Осындай мені «дін жолында адасты» деген ақпараттардың кесірінен ізіме ҰҚК қызметкерлері де түсті. Аңдуда болдым. Осы күнге дейін өнер жолын бірге бастаған, жетістік пен қиындықты бірге көрген «достарым» мені іздесе табатын еді. Оларда менің анамның, барлық туыстарымның телефон номерлері бар. Мен жайлы олардың айтқан сөздерін тек журналистер арқылы естідім. Жігіттер мен продюсерге ешқандай ренішім жоқ. Кемшіліксіз тек Алла.

-Әңгімеңізге рақмет

Оқи отырыңыздар:

Жігер Ауыпбаев күзетші болып жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)

Психологтар: Мейірімді адамдар іштей қатыгез болады

Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Әнуар Нүрпейісов өзін сынағандарды қатыгездер деп атады

Талқылау