Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл мұғалімі Ninety one тобын жақтаған Нұртас Адамбайды балағаттап тастады

Нұртас Адамбай атышулы Ninety one тобын қорғаймын деп дауға қалды. ОҚО-дағы Сарыағаш ауданының мұғалімі 91 тобын жақтаған Адамбайды балағаттап тастады. Кинорежиссер үнсіз қалмады. Ол ОҚО білім беру басқармасына және білім беру мекемесіне әлеуметтік желі арқылы шағымын жеткізді.

адамбай010

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Маған бұл топ ұнайды. Олардың жаңашылдыққа талпынысы, еркіндікке деген құштарлығы… Ешкімге қарамай, өз істеріңді жалғастыра беріңдер. Біз заманауи әлемде өмір сүріп жатырмын, онда ойдан шығарылған шектеулерге орын болмауы тиіс. Әркім өз қалауынша және мүмкіндігінше өмір сүреді. Олардың шығармашылығын ұнатпайтын адам болса, тыңдамаңыздар, концерттеріне бармаңыздар. Мен сендерді қолдаймын, жігіттер!» – деп пікір білдірген еді Адамбай 91 тобы туралы.

Оның бұл жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Желідегілердің бір легі оны қолдаса, екіншілері реніш білдіріп жатты. Ал ОҚО мұғалімі режиссерді балағаттап тастады.

«Сарыағаштағы медициналық колледжде осындай ұстаздар сабақ береді. Бекжан Исмаилов. Аталған колледж басшылығы, ОҚО білім беру басқармасы осы сұрақпен айналысса дер едім. Ұстаздарды қалай таңдайды? Мұндай адамдар балаларға не білім бере алады?» – дейді ашынған Адамбай.

Назар аударыңыз! Желіден алынған жазбада бейәдеп сөздер кездеседі!

адамбай балагат

Бұл жазбадан кейін ауыл мұғалімі режиссерден кешірім сұраған. Сондай-ақ, елді шулатқан пікірді өзінің жазбағанын айтып ақталған.

Адамбай болса желіде аузына келгенді жазатындарды сотқа беруге болатынын айтып ескертті. Сондай-ақ, желідегілерден қандай шара қолдануға болатынын сұрады.

адамбай жала

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота: Қыруар қаржыны тойыма шашқанша, балаларыма жұмсаймын

Айсәуле Бақытбек халықтан әкесі үшін көмек сұрады

Асхат Тарғын: Үйленбес бұрын қызымнан рұқсат сұрадым

Екі көзі көрмейтін ресейлік қыз Қайрат Нұртаспен кездесу үшін Алматыға келді (видео)

Талқылау