Ауруына байланысты Париж олимпиадасына қатыспаған Путинцева Қытайдағы турнирде жеңіліс тапты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайда өтіп жатқан WTA-500 турнирінде жеңіліс тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: WTA
Теннистен Қазақстан командасының өкілі Қытайдың Нинбода қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты. Ол әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен ойнап, ұтылып қалды. Үш сетке созылған ойында 6:4, 1:6, 7:6 есебімен қарсыласына есе жіберді.
Айта кетейік, Юлия Путинцева Парижде өткен жазғы олимпиада ойындарына тізе жарақатына байланысты қатыспай қойған еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды

