Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауыздарыңа ие болыңдар!": Ләйлә Сұлтанқызы желідегілерге ескерту жасады

Ләйлә Сұлтанқызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың блогерлерге қатысты айтқан пікірінен кейін желі қолданушыларын сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ләйлә

«Ауыздарыңа ие болыңдар! (с) Елбасының пікір білдірушілерге қатысты хабарламасынан кейін. ⠀Бұл енді тек блогерлерге емес, бәріне қатысты. Инста-батырларға да, псевдо-мықтыларға да! Карусельде (суретті жылжытсаңыз) оқырманы көп әріптестеріме жазылатын пікірлердің +21 атасы да, +18 көкесі де бар... Мұндағы мысалдар тағы жай ағасы мен апалары”, - деп жазады тележүргізуші. 

Әрі қарай Ләйлә Сұлтанқызы Елбасының жиналыста желіде жала жауып, ғайбат сөз жазған адамдардың жазасын ауырлатуды тапсырғанын еске салды. 

«Байқап сөйлеп, аңдап жазбағандар! Қылмыстық кодекстың 130-бабы мен 131-баптары бойынша жазаланады. Кодекспен танысып шығу артық болмас. Жазғаныма майысқан сурет жарамас деп тапқан суретімнің түрін», деп қорытты сөзін Ләйлә Сұлтанқызы. 

Бұған қатысты желі қолданушыларының пікір екіге айырылды. Бірі тележүргізушіні қос қолдап қолдаса, енді екіншілері мұны «сөз бостандығын» шектеуге балады. 

Талқылау