"Ауырсам да, тамақ жеуді тоқтатпаймын": 11 жасар бала әкесін құтқару үшін семіріп кетті
Қытайдың Хуэйсянь қаласында ұл бала әкесін құтқару үшін 14 келіге семірген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
11 жастағы бала Лу Цзыкуаньнің әкесі сүйек майын алмастыру бойынша отаға мұқтаж. Наурыз айында дәрігерлер оған баласының донор бола алатынын айтқан.
Алайда 11 жастағы балаға донор болу үшін салмағы кедергі келтіріпті. Сүйек майын трансплантациялау бойынша отаға салмағы 45 келіден төмен донорлар қабылданбайды екен. Ал Лудың салмағы 30 келі болған.
Осыдан кейін Лу Цзыкуань қайтсе де 15 келі салмақ қосудың жолын іздеген.
«Ауырсам да, тамақ жеуді тоқтатпаймын. Біздің отбасымыз әкемнің өлімін көтере алмайды», - дейді ол.
Лу наурыз айынан бері 14 келі салмақ қосқан. Алайда ол салмағы 50 келіге жеткенше тоқтамақ емес.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"