Ауыр халде жатыр: Екі қыз 5 жасар құрбысын өртеп жіберді
Ресейдің Новокузнецк қаласында апалы-сіңлілі екі қыз 5 жасар қыздың көйлегін өртеп, күйік шалдырған. Енді осы әрекеті үшін өкініп отыр.

Құқық қорғау органының мәліметінше, әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылған. Екі қызды және 10 жастағы інісін үлкен әпкесі тәрбиелеп отыр. Қазір қыздар балалар лагерінде. Тамыздың аяғында үйіне оралады. Әпкесі олармен болған қайғылы жағдай туралы сөйлеспек.
Новокузнецкте екі қыз 5 жастағы таныс қыз өздеріне жақындағанда көйлегіне от тұтатып ойнаған. Соның салдарынан қыздың денесінің 80 пайызын күйік шалды. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр күйде жатыр.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”