Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы алты адамды өрттен аман алып қалды

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы алты адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәурен

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы Дәурен Рымқұлов алты адамды оттан шығарды. Бұл туралы блогер Анатолий Цой өзінің инстаграмдағы парақшасында айтты.

33 жастағы спортшы халықаралық турнирлердің чемпионы, әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы. Ол өзінің жиенін құтқарып, көршісінің балаларына оралған.

"Достар, мына жігітке қараңыз. Оның аты - Дәурен Рымқұлов. Ол 33 жаста. Ол спорт шебері, ауыр атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Кеше ол нағыз ерлік жасады. Алматыдағы алты адамды өрттен құтқарды", - деп жазды Цой.

Үйде отырғанда, Дәурен ауладағы шуды естіп, сыртқа шықты. Екінші есікті өт жалмап жатқанын көреді. 

"Дәл осы кіреберісте оның жиені тұрған. Ол төменгі қабаттан көтерілген жалынның балконға түскенін көрді. Дәурен кіреберіске қарай жүгірді, бірақ бір дем алып, түтіннен есінен танып қалды. Ол адамдар жиналып тұрған аулаға оралды. Біреу оған футболка мен бөтелке суын берді. Ол шүберекті сулап, бетіне қойып, көмектесуге асықты", - дейді блогер.

Ол өзінің жиенін оттан шығарып алды. Олар аулада болған кезде, біреу 4-қабаттағы пәтерлердің бірінде бес бала болғанын хабарлады. Дәурен еш ойланбастан артқа қарай жүгірді. Ол балалардың қай пәтерде тұрғанын білмеді, сондықтан барлық есіктерді қағып шыққан.

Бес жасөспірім де қауіпті аймақтан шығарылып,  осы кезде өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келді. Даурен сонымен қатар өрт сөндірушілерге өрт сөндіру түтіктерін орналастыруға көмектескен. Бір сағаттан кейін өрт локализацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ, ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.

"Бұл кейіпкерлерді үлгі ету керек, олармен мақтану керек. Айтпақшы, Дәуреннің әкесі Амангелді Рымқұлов - алғашқы қазақстандық КСРО ауыр атлетикадан спорт шебері. Ол - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Амангелді Құрманұлы, нағыз батырды тәрбиелегеніңіз үшін рахмет. Сізге тағзым", - деп жазды блогер. 

Талқылау