AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альберт Линдердің өлімі: Қазақстандық атлеттер көрсетіліп жатқан қысым жайлы шағымданды

Ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айгерім Ауылбек Ұлттық құраманың бас бапкерлері тарапынан қысым көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауылбек

"Тағы қоқан-лоқы, тағы тиісу, тағы "лас ойын" – ұлттық құраманың бас бапкерлері мен кейбір басшылық өкілдері лауазымына сай емес жаттықтырушыларды орнынан алу жайлы өтінішімізге осылай жауап берді. Біз өз мәселемізді айттық. Алайда түсінушілік танытып, көмек алудың орнына қарсылыққа тап болдық, жаттықтырушыларымыз бен өзімізге қоқан-лоқы көрсетті", – деп жазды Айгерім.

Оның сөзінше, Альберт Линдер өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін Ауыр атлетика федерациясындағы жағдайға қатысты өз ойын білдіргендерге қоқан-лоқы көрсетілген. 

"Ахметов Б.Б. (Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының бас бапкері – ред.) бізбен бірге өз ойын айтқан жаттықтырушылардың қаласына допинг тексеруді жіберетінін айтып, қорқытуда. Ал сынамасы оң нәтиже көрсеткен спортшы мен жеке жаттықтырушысын жұмыстан шығарып, өмір бойына дисквалификацияланады", - деп қосты Айгерім Ауылбек. 

Қазақстандық ауыр атлет, Қазақстанның бірнеше дүркін және Азия чемпионы Альберт Линдердің өлімі жайлы 17 қыркүйекте белгілі болды. 25 жастағы спортшы өз-өзіне қол салған. Бұл оқиғадан кейін спортшымен бірге жаттықтан өзге атлеттер қарсылық ретінде өз медальдарын қоқысқа тастады. 

Еліміздің Ауыр атлетика федерациясында бұл іске қатысты тексеру жүруде, алайда нәтижесі әлі жарияланбады.


"Оны қорлап, соққыға жыққан": Альберт Линдердің бауыры спортшының өліміне қатысты жаңа деректерді айтты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр