Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауылдасын пышақтаған": Кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған қазақстандық Кореядан экстрадицияланды (видео)

Бас прокуратура кісі өлтіруге оқталған күдіктіні жауапқа тарту үшін Корея Республикасынан экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Күдікті 2022 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. 

Мәліметтерге сенсек, төбелес кезінде күдікті қарсыласының кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды. 

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген. Тек биыл маусым айында сонда ұсталған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. 

“Айыпталушы қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Айта кету керек, күдіктіні экстрадициялау бас прокуратура әзірлеген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шартының арқасында іске асты”, – делінген бас прокуратураның хабарламасында.



Еске салайық, бұған дейін халықаралық іздеуде болған қазақстандық алаяқ Молдовада ұсталғанын жаздық. Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге баю мақсатында жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтық жасаған. Қаланың белгілі бір банктерінде шоттар ашу, бүркеме мәміле бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттарда тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді көрсету бойынша әрекеттерді жүзеге асырған.

Талқылау