Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл тұрғындары Youtube, Instagram және Tiktok-ты белсенді пайдалануда

Kcell-де өткен жылдың соңында "250 +" мемлекеттік бағдарламасы бойынша мобильді интернетке қосылған бүкіл Қазақстан бойынша 150 шалғай ауылдағы өз абоненттерінің 2022 жылғы 3 айдағы интернет-трафигі талданды. Жоба "Қазақтелеком" инфрақұрылымының арқасында мүмкін болды. Сарапшылар қандай әлеуметтік желілердің ауыл тұрғындары арасында ең танымал екенін және бейне контентті көруге қанша уақыт жұмсайтынын анықтады. 

Трафикті тұтыну бойынша әлеуметтік желілер арасында көшбасшылар үштігі YouTube, Instagram және TikTok болды. Ауыл тұрғындары осы әлеуметтік желілерде тұтынған трафиктің жалпы саны 2022 жылдың бірінші тоқсанында 760 терабайтты (шамамен 780 мың гигабайт) құрады. Бұл деректер мемлекеттік тілдегі контенттің белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Оның құрылуына ірі қалалардың тұрғындары ғана емес, ауылдық жерлердің тұрғындары да кіреді.

Танымал видеохостингке 340 терабайт тұтынылған трафик тиесілі, ал оны тұтынудың ең жоғары көрсеткіші Түркістан облысы Ақсу ауылында тіркелді. Наурыз айында тұрғындар роликтерді көруге 5 терабайттан астам интернет-трафик жұмсаған. Орташа есеппен Ақсу қаласының әрбір тұрғыны 480p рұқсатында бейнеконтентті көру үшін айына 14 сағат уақыт өткізеді екен. Екінші және үшінші орындарды Түркістан облысының Қазақстан және Қасымбек датқа ауылдары иеленді. Осы ауылдардың тұрғындары биылғы жылдың наурыз айында Youtube-та сәйкесінше 3,5 және 3,4 терабайт интернет-трафик жұмсаған. Осылайша, облыс бейне-контентті тұтыну бойынша көш бастап тұр деуге болады. 

Екінші сатыда Instagram әлеуметтік желісі орналасқан. Ауыл тұрғындары осы алаңды белсенді пайдаланып, 2022 жылдың бірінші тоқсанында 212 терабайт трафик жұмсаған. Қасымбек датқа ауылының тұрғындары осы әлеуметтік желіде барынша белсенділік танытты. Сәуір айында Kcell 3 терабайтқа жуық трафиктің тұтынылғанын тіркеген. Түркістан облысының Ақсу және Қазақстан ауылдары да үштіктің қатарына қосылды. 

Қысқа бейнелердің ең танымал алаңы ауыл тұрғындарының көңілінен шыққан әлеуметтік желілердің үштігіне кіреді. Оның үлесіне 2022 жылдың бірінші тоқсанында 209 терабайт тұтынылған трафик тиесілі. Ең белсенділері - Түркістан облысы Қазақстан, Көлкент және Ақсу ауылдарының тұрғындары. 

Жоғарыда аталған әлеуметтік желілерден басқа Facebook (32 терабайт) және Vkontakte (24 терабайт) танымал. Ауыл тұрғындары, сондай-ақ, Қазақстанда аса танымал емес Pinterest, LinkedIn, тіпті Myspace сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланатындары таң қалдырар жайт болды. 

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы мобильді байланыс абоненттері арасында интернеттің енуі 68 пайызды құрады. Бұл халық тығыздығы мен Қазақстанның әлемдегі 9 орындағы аумағын ескерсек, өте жоғары көрсеткіш. Мұндай жоғары көрсеткіш, өз кезегінде, шалғай ауылдарда мобильді байланыс қондырғыларын орнату бойынша "250 +" мемлекеттік бағдарламасы аясында мобильді операторлардың қомақты жұмысының нәтижесі болды. Үш мобильді оператор жұмысының синергиясы ауылдық елді мекендердің көбін қамтуға мүмкіндік берді және негізінен "Қазақтелеком" компаниясының қосылыстары базасындағы инфрақұрылымның арқасында мүмкін болды. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 19 Сәуір, 2022 15:24
Талқылау