Ауыл әкімдерін сайлауда "барлығына қарсымын" бағаны енгізіледі
ҚР президентінің көмекшісі Ерлан Қарин алдағы ауыл әкімдерін сайлауға арналған бюллетеньдерінде "барлығына қарсымын" бағаны енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, "барлығына қарсымын" бағанын енгізу – қазақстандықтардың сайлауға қатысуға деген белсенділігін арттырады.
"Толықтай алғанда "барлығына қарсымын" бағанын енгізу азаматтардың сайлау құқығын кеңейтуге қарай жасалған тағы бір үлкен қадам саналады. Бұл новелла сайлау барысында саяси көзқарастардың барлық спектрын паш етуге мүмкіндік береді. Қазақстандықтардың саяси мәдениеті мен сайлаушылық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді", деді ол.