Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Қазақстанға өтініш білдірді
Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Альхаджи Нуруддин Азизи Қазақстаннан импорттық бидай мен ұнға жеңілдік беруді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанада өткен бизнес-форум барысында сөз сөйлеген Ауғанстанның Индустрия және сауда министрі Ауғанстанның аз ғана уақыт ішінде ондаған отандық тауар өндірісінің арқасында өзін-өзі толық қамтамасыз ету деңгейіне жеткенін атап өтті.
"Біз Қазақстаннан Ауғанстанның отандық өнеркәсібін қолдау мақсатында сіздің елге экспортталатын ауғандық тауарларға жеңілдікті тариф қолдануды сұраймыз. Сондай-ақ, Ауғанстан халқы мен жеке секторын қолдау мақсатында Ауғанстанға Қазақстаннан әкелінетін бидай мен ұнның бағасына арнайы жеңілдіктер жасауыңызды сұраймыз", - деді министр Нуруддин Азизи.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты