Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстанда желіде тәліптер жайлы қалжыңдаған әзілкешті өлтіріп кетті

Құқық қорғаушылар "Талибан" лаңкестік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары интернетте Хаша Цван деген лақап атпен танымал әйгілі ауған әзілкеші Назар Мұхаммедті аяусыз өлтіргенін айтты, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Human Rights Watch ұйымының мәліметінше, Мұхаммед шілде айының соңында Қандагарда тәліптердің қолынан өлтірілген, қала содырлардың қолына өткен. Кейінірек Забиулла Муджахид тобының өкілі Мұхаммедке оқ атқан екі содырдың тәліптер екенін растады. Оның айтуынша, бұл адамдар қамауға алынған және олар сот алдында жауап береді.

Газеттің хабарлауынша, содырлар әзілкешті белгісіз бағытқа үйінен алып кетіп, кейін өлтірген. Мұхаммед тәліптерді ән мен билер арқылы үнемі мазақ ететін видеолары арқылы танымал болды. Видеоның кейбірі TikTok аккаунтына жүктелді.

Ауғанстан басшылығы содырлардың қылмыстық әрекетін айыптады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 тамызда "Талибан" содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Гани елден кетті.


Талқылау