Ауғанстанда жанармай таситын көлік жарылып, тоғыз адам қаза тапты
Anadolu агенттігінің мәліметінше, Ауғанстандағы Саланг туннелінде жанармай таситын көліктің жарылуы салдарынан тоғыз адам қаза тауып, 30 адам жараланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Талибан уақытша үкіметінің баспасөз хатшысы Мевлеви Хамидулла Мисбах кеше түнде болған жарылыста бірнеше көліктің өртенгенін айтты.
Тергеушілердің мәліметінше, жарылыс жанармай құйылған цистернаның аударылуы салдарынан болған.
- "Құжаттарға өзбек деп жазғызатынбыз": Ауғанстанның астанасы Кабулда тұратын қазақ тәліптер келген соң өмірі қалай өзгергенін айтты
- Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен кейін алғаш рет ел алдында өлім жазасы орындалды
Куәгерлердің айтуынша, туннель жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Айта кетейік, Саланг туннелі Ауғанстанның солтүстік провинцияларын астанамен байланыстыратын жалғыз бағыт.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған