Ауғанстанда соғысқан америкалық қыз сексуалды фитнес-моделге айналды (фото)
Флорида тұрғыны Хоуп Ховард АҚШ-тағы әскери әуе күштерінің бұрынғы механигі. Ол орта мектепті аяқтағаннан кейін бірден әскерге тартыпты.
Бұл туралы хабарлайды.
Бойжеткен шағында әскердің дәмін татқан ару, 19 жасында Ауғанстанға жіберіледі.
Өзінің жеке сайтында қыз Таяу Шығысқа қалай барғанын, қандай тәжірибе жинақтағанын баяндайды. Айтуынша, Ауғанстандағы өмірі оның тез есейіп, жан-жағына басқаша көзқараспен қарауына мүмкіндік беріпті.
“Мен М-16 автоматынан бір минутқа да ажырамадым”, – дейді ол.
Кейін үйіне оралғаннан кейін ол өзін толықтай өзгертуге бел буады. Қазіргі таңда ол белгілі фитнес-модель. Әлеуметтік желідегі парақшасына миллионнан астам адам жазылып тастаған. Ол төрт жылдың ішінде осындай жетістікке жетіп отыр.
Пауэрлифтингпен шұғылданған Ховард, тамақтану тәртібін де түбегейлі өзгертеді. Осылайша ол 26 жасында Халықаралық культуризм федерациясының Bikini Profession категориясы бойынша мүшесі атанып, жеке бапкер ретінде сертификатталады.
Оқи отырыңыз:
Таксиші бойжеткен сүйіктісінің көңілдесін жігітінің үйіне жеткізіп тастаған
19 перзенті бар ана 20-сәбиіне жүкті (фото)
Румыниялық модель өзінің пәктігін аукцион арқылы 2,3 миллион евроға сатты
77 жыл отасқан қариялар үлгілі отбасы болудың сырын ашты (фото)