Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әуежайдан қалай өткізген?": Алматыда карантинге жабылған үйдің тұрғындары наразылықтарын білдірді

Алматыда карантинге жабылған көпқабаттың үйдің тұрғындары наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

әйел

Бүгінгі күні Алматыда коронавирустың 15 ошағы анықталып отыр. Көпқабатты үйлер қоршауға алынып, ал ауруға шалдыққандар болса станционарларға жатқызылыпты. 

Қауіпті індет қаланың бес ауданынан анықталыпты. Үй карантиніне мың жарымнан астам адам жабылыпты.  Алматыда коронавирусқа шалдыққан 29 адам тіркелген. Олардың арасында екі бала бар.  Барлығы бірдей ем қабылдауда. Науқастардың жағдайы қанағаттандырарлық дейді дәрігерлер. Тек екеуінің жағдайы орташа екен. Ал 24 күні ауруды қаланың Ақкент ықшам ауданының тұрғыны жұқтырғаны белгілі болған. Көршілерінің сөзінше, жас жігіт Стамбұл қаласынан бір апта бұрын ұшып келген. Ал оның жағдайы тек соңғы күндері ғана нашарлапты. Жедел жәрдем шақыртқан тұрғынның ауруға шалдыққаны анықталған. Ал ол тұратын көпқабатты үй қоршауға алыныпты. Карантинге жалпы алғанда 65 отбасы жабылған. 

Алматыда карантинге жабылған үйді қоршауға алған қорғаныс киіміндегі әскерилер видеоға түсіп қалды

"Мен онымен телефон арқылы сөйлескенмін. 19 наурыз күні ұшып келген. Сол кезде-ақ ауырып тұрыпты. Оны әуежайдан қалай өткізіп жіберген? Осы уақытқа дейін үйінде жатып ауырған. Бірнеше рет дүкенге барып, көршілерімен сөйлесіп, сыртқа жұмыстарымен шығып келген. Қанша адамға ауру жұқтырған десеңізші? Неге оны ұшақта жөнді тексермеген?" - дейді Бибігүл Сүлейменова. 

Еске салайық, Қазақстанда індетті жұқтырғандардың саны 79-ды құрап отыр. 

 

Талқылау