Әуежайда босанып, сәбиін дәретханаға тастап кеткен қыз 15 жылға сотталды
Түркия соты әуежай дәретханасында баласын дүниеге әкеліп, сол жерде тастап кеткен 18 жастағы қызға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анталия соты 18 жастағы Ресей азаматшасы Екатерина Бурнашкинаны 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.
Баланың мүддесін қорғаған Түркияның отбасы істері министрлігінің адвокаттары Екатерина үшін ең ауыр жазаны талап еткен. Олардың пікірінше, ол қылмысты "алдын ала жоспарлаған", себебі ол келушілері аз болатын мүгедектерге арналған дәретханаға кірген. Алайда Бурнашкинаның өзі бұл дәретхананы жай ғана жақын болғаны үшін таңдағанын айтқан.
Ал жаңа туған қыз баланың тағдыры туралы шешім кейінірек қабылданбақ.
Еске салсақ, бұған дейін Түркияның Анталия қаласында 18 жастағы ресейлік қыз әуежайда босанып, сәбиін дәретханаға тастап кеткені туралы жазған едік.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”