"Ауданым үшін әрқашан алаңдаулымын": Павел Кулагин жұмыстан кетті
Алматы облысының Түркісіб ауданының әкімі Павел Кулагин жұмысынан кетті. Бұл туралы ол өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті тұрғындар! Бүгіннен бастап Түркісіб ауданы әкімі қызметінен кеттім. Аудан тыныс-тіршілігіне белсенді атсалысқандарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіремін. Ауданымыздың дамуын тілеймін және оның болашағы үшін әрқашан алаңдаулымын", - деген әкім тұрғындарға барлығы үшін алғыс айтуды ұмытпады.
Әлеуметтік желі арқылы жұмыстан кеткенін хабарлаған әкімді тұрғындары қимай қоштасып, алдағы карьерасына сәттілік тілейтіндерін жеткізді.
"Өте өкінішіті", "Неге кетті екен? Қимаймын. Ауданымыздың гүлденуіне қосқан үлесіңіз үшін рахмет", "Көп еңбектендіңіз және ол көзге көрініп тұр. Сәттілік серігіңіз болсын", "Ауданымыз үшін істеген жақсылығыңыз көп. Сіз ең үздік әкімсіз", - деп қимастық сезімдерін білдіріп жатты.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған