Ауа температурасы төмендейді: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
"Қазгидромет" 1-3 желтоқсан күндеріне арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" таратқан ақпаратқа сүйенсек, кезекті антициклонның жылжуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі, осыған байланысты батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның шығуы өз әсерін сақтайды, сонымен байланысты жауын-шашын әкеледі, негізінен қар түрінде, 1 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2-желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қалың қар жауады деп күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ; шығыста және орталықта – боран", – делінген ақпаратта.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі