Ауа температурасы 12°C-қа дейін төмендейді: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
12-14 тамыз күндері оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында нөсер жауын, бұршақ, 15-28 м/с екпіндегі жел болжанады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, найзағай кезінде желдің күші артуы мүмкін. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.
“Қазақстанның батысында, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жоғары температурамен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. 12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында 42°C-қа дейін аптап ыстық сақталады.
Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы күндіз 12-20°C-қа дейін төмендеуі мүкін. Еліміздің оңтүстік-шығысында температура 20-28-ге дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан