Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауа райына байланысты елімізде бірнеше жолаушы пойызының қозғалысы кешігіп, кейбірі тоқтатылды

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ 17 жолаушылар пойызы кешігіп, алтауының қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

16 желтоқсанда ауа райының тұрақсыздығына байланысты Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай сақталуда.

Осыған байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін  пойыз қозғалысының кешігуі, тоқтатылуы және кестесінің өзгеруі туралы хабарлайды.

  • № 77 Алматы-Маңғыстау пойызы 17 сағат 37 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Маңғыстау станциясынан пойыз сағат 02.00-де 17 сағатқа кешігіп кетеді;
  • № 29 Алматы-Атырау пойызы 27 сағатқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 Атырау станциясынан поездың жөнелтілуі тоқтатылады;
  • № 7 Алматы-Саратов пойызы 11 сағат 50 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Саратов станциясынан пойыз 23: 59 минутта 10 сағатқа кешігіп кетеді;
  • № 33 Алматы-Ақтөбе поезы 21 сағат 20 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Ақтөбе станциясынан поездың жөнелтілуі тоқтатылады;
  • № 15 Алматы-Петропавл пойызы 11 сағат 37 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Петропавл станциясынан пойыз сағат 01:00-де 9 сағатқа кешігіп кетеді;
  • № 21 Семей-Қызылорда пойызы 12 сағат 28 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 Қызылорда станциясынан пойыз сағат 20:50-де 5 сағатқа кешігіп кетеді;
  • № 509 Алматы-Орал пойызы 18 сағат 30 минутқа кешіктіріліп, диспетчерлік кестемен жүреді;
  • № 511 Алматы-Атырау пойызы 20 сағатқа кешіктіріліп, диспетчерлік кестеге сәйкес келеді;
  • № 21 Семей-Қызылорда пойызы 7 сағат 28 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Қызылорда станциясынан пойыз кестеге сәйкес жөнелтіледі;
  • № 23 Алматы-Ақтөбе пойызы 9 сағат 15 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 18.12.23 Ақтөбе станциясынан пойыз сағат 01:00-де 2 сағатқа кешігіп кетеді;
  • № 33 Ақтөбе-Алматы пойызы 7 сағат 15 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 18.12.23 Ақтөбе станциясынан пойыз сағат 01:15-те кетеді;
  • № 27 Алматы-Орал пойызы 9 сағат 38 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 18.12.23 Орал станциясынан пойыз сағат 02:00-де 3 сағатқа кешігіп кетеді;
  • №22 Қызылорда-Семей пойызы 13 сағат 03 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Семей станциясынан пойыз сағат 00:30-да 11 сағатқа кешігіп кетеді;
  • №386 Бішкек-Новосибирск пойызы 10 сағат 04 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Новосибирск станциясынан пойыз сағат 16:00-де 6 сағатқа кешігіп кетеді;
  • №21 Қызылорда-Семей пойызы 9 сағат 53 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Семей станциясынан пойыз сағат 23:00-де 9 сағатқа кешігіп кетеді;
  • №12 Шымкент-Алматы пойызы 14 сағат 51 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 ж. Алматы 2 станциясынан пойыз сағат 23:20-да 4 сағатқа кешігіп кетеді;
  • № 26 Шымкент-Алматы пойызы 12 сағат 25 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 ж. Алматы 2 станциясынан пойыз сағат 01:00-де 2 сағатқа кешігіп кетеді.

Ал мына жолаушылар пойыздарының қызметі уақытша тоқтатылды:

  • №10 Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-2 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 1 күнге жөнелту арқылы;
  • № 9 Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан 1 күнге жөнелту арқылы;
  • №29/30 Атырау-Алматы-1;
  • № 3 Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлыжол;
  • № 505/506 Алматы 2 - Жезқазған.

Сондай-ақ №34/33 Ақтөбе Алматы-1 жедел пойызының Ақтөбеден 17 желтоқсанда жөнелтілуімен Алматыға-1 18 желтоқсанда, Алматыдан-1 18 желтоқсанда, Ақтөбеге 20 желтоқсандағы рейсі тоқтатылады.

"Жолаушылар 1433 нөмірі және ktzh_pp_bot бот жеделхаттары арқылы жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алады", – деп хабарлады компания.

Бұған дейін Жамбыл облысында ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны айтылды. 

Талқылау