Ауа райына байланысты Астана-Щучье жолы жабылды
Астана — Щучье бағытында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

4 қаңтар 08.00-дегі жағдай бойынша боран, жел, жолдың нашар көрінуіне байланысты Астана — Щучье бағытында жол жабық.
"ҚазАвтоЖол мәліметі бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты Астана-Петропавл тас жолының учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Жылыту орнында 118 адам бар, оның ішінде 42 бала", – делінген хабарламада.
Бұған дейін “Астана-Щучье” тас жолында жаппай көлік апаты болды. Құтқарушылар 63 ересекті және 8 баланы эвакуациялады.
Жолда қалған 118 адам Щучьедегі жылу орталықтарына орналастырылды.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда