"Найзағай, қатты жел мен нөсер жаңбыр": Синоптиктер алдағы үш күнге ел аймақтарына арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарының кей бөлігінде қатты ыстық болжанса, кей өңірде жаңбыр жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Қазгидромет мамандары 12 маусымға дейін ел аймақтарында ауа райы құбылмалы болатынын алға тартты.
"Елдің көп бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды аймақтарды қалыптастырады. Атап айтқанда найзағай мен қатты жел болады. Нөсер жаңбыр 11-12 маусымда шығыста, 13 маусымда елдің орталығында жауады деп болжанды", – делінген хабарламада.
Ауа температурасы солтүстікте +20+25 градусқа дейін, шығыста және орталықта +22+32 градустан +18+26 градусқа дейін болады. Ал оңтүстікте +33+40 градус ыстықтан +25+35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Батыста +33 + 40 градусқа дейін қатты ыстық болжанды.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”