Атыраулық шекарашылардың былығын ресейлік әріптестері әшкерелеп берді
Олар жалпы салмағы 4 тоннаға жуық бағалы бекіре балығы тиелген жүк көлігін Ресейге өткізіп жіберген, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Тек контрабандистердің жолын кескен ресейлік әріптестері біздің шекарашылардың әрекетін әшкерелеп отыр. Балық тиеген жүк көлігі «Қараөзек» бекетінде қолға түсті. 4 тоннаға жуық мұздатылған бекіре, шоқыр және қызыл балықтар көліктегі арнайы жасалған құпия орынға жасырылған.
Заңсыз жүктің қара базардағы құны 35 миллион теңге шамасында. Қазір елімізде құнды балықтарды қорғауға арналған «Бекіре» арнайы операциясы жүріп жатыр. Бірақ соған қарамастан, бекіреге лық толы көліктің Құрманғазы ауданындағы «Котяев» бекетінен қалай өтіп кеткені әзірге белгісіз. Құзырлы орындар да түрлі сылтау айтып, түсініктеме бергілері жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
Өскеменде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бойжеткенді суицидтен құтқарып қалды (видео)
Қарағандылық әйел автобусқа мінем деп бетін қан-жоса қылды
Қызылжарға тасқынның екінші толқыны келе жатыр