Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда салмағы небәрі 25 келі болатын 28 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады

Осыдан үш жыл бұрын атыраулық Зухра Ахметованың бетінде ісік пайда болды. Ол шақта Зухра үшінші перзентіне, көптен күткен қызына жүкті еді. Дерті жайлы білген соң Зухра Астрахан дәрігерлеріне қаралу үшін көрші елге жол тартты. Ресейлік ақ халаттылар оған жасанды түсік жасатып, ісікті алдырып тастауға кеңес берген.

Бұл туралы «Мой город» басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алайда жүктілік мерзімі біразға жетіп қалғандықтан, келіншек сәбиін алдырудан бас тартты. Ал бүгінде 28 жастағы Зухра Ахметованың салмағы небәрі 25 келі.

Бала туғаннан кейін беттегі ісік ұлғая түскен. Зухра ара-тұра есінен тана бастаған. Тіпті, бір күні құлап аяғын қатты жарақаттап алған-ды. Нәтижесінде әйелдің аяғында да ісік пайда болған. Соның кесірінен Зухра жүре алмайды, тіпті аяғын бүге алмайды.

Осы үш жыл ішінде үш баланың анасы адам танымастай өзгеріп кеткен. Анорексия дерті асқынып кеткендіктен, ол жарытып ас та ішпейді. Үнемі жата береді және салмағы бар-жоғы 25 келі. Науқас әйелге күйеуі мен балалары қарайласады.

Бұл үйдің үлкені 7 жаста. Үй шаруасы, інісі мен қарындасына қарау – осы баланың мойнында. Зухраның өз ата-анасы болса шалғайда тұрады. Мал асырап, шаруашылықпен айналысатын зейнеткерлер барын тастап, науқас қыздарына қарауға келе алмайды. Ал жасы келген енесі денсаулық жағдайына байланысты келініне қамқор бола алмайды.

Күйеуі Зухраны Мәскеудегі онкологиялық орталыққа апаруға ниеттенді. Алайда ондағы емге қажетті 10 миллионның небәрі 1 миллион теңгесі жиналған. Дәл осы себепті жолдасы 5 наурыз күні Зухраны Астрахан облысына апаруға ниетті.

Осы аралықта отбасы тағы бір келеңсіздікке тап болды. Күйеуі жұмыссыз болғандықтан, банктер азаматтың барлық шоттарын бұғаттап тастаған. Қазіргі уақытта дәл осы себеппен азамат шекарадан аса алмайды. Туыстары мен таныстары ерлі-зайыптыларға көмектесу үшін барын салуда. Ол үшін 300 мың теңге көлеміндегі қарызды төлеу қажет.

Зухраға көмектесемін деушілер төмендегі реквизиттер бойынша ақша аудара алады:

Киви-әмиян номері : 8778 120 10 89

АТФ банк: 4052554008220530
Халық банк: KZ216010002009366491
Қазпочта нөмірі: KZ67563046PN00105161

Жіберіп алмаңыз:

Енесіне алғыс айтқан келіні жұртты сүйсінтті (видео)

Мадина: Осы оқиғадан кейін есіме түскен кісілердің бәріне хабарласып, кешірім сұрадым

Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек

Алматы облысында мектеп оқушысы Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр

Талқылау