Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек

Алматы облысының тұрғыны Серікқажы Ыбытаев бәйбішесімен бірге тоқалының үйіне қонаққа барып тұрады.

Сурет Қажымұқан Елжановтың парақшасынан алынды

Жұбайлар отағасына дауыс көтеріп сөйлемек түгілі алдарында құрдай жорғалап, қызмет етеді. Серікқажының айтуынша, ер адам еркектің қасиетін жоғары қойып, сақтап қалу керек.  Үйдің иесі басшы бола біліп, жанұяның ұйып отыруына ықпал етсе ғана, еркектік атқа лайық болады, деп жазады arhar.kz.

Әскери салада қызмет еткен Серікқажы зейнеткер бәйбішесіне 24 жасында үйленіп, 33 жасында тоқал сүйді. Жасы 50-ге таяғанда үшінші әйелімен некесін қиған. Ақсақал 53 жаста кенже ұлын құшыпты. Бәйбішесі Балсара:

«Менен кейінгі отағасының әйелдері барлық істі жайғастырады. Қолымды жылы суға салып отырмын. Тек бағыт-бағдар беріп, істің көзін көрсетемін», — дейді. Қазір қажының 7 қызы мен  жалғыз ұлы, 8 немересі бар.Төрт әйелдің жүрегін жаулаған жігіт ағасы бүгінде 63 жастан асқан. Әйелдері ақсақал 70 жасқа толғанда 16 жастағы жап-жас қызды бесінші тоқал ретінде алып беруге ниетті екен.

Тағы да оқыңыз:

Ксения Собчак Жириновскийдің бетіне су шашып жіберді

Дариға Назарбаева: Құдайға шүкір, орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ

Головкин: «Канелоны» нокаутқа жіберуім туралы айтудың қажеті жоқ

Талқылау