Атырауда мұнай ұрлаумен айналысқан танымал қылмыстық топ қолға түсті
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан тағы бір қылмыстық топ қолға түсті.Бұл жолы олар Атырауда ұсталған, – дейді КТК арнасы.

Олар Теңіз кен орнынан ұрланған дизель отынын өзге компанияларға заңсыз сатуды жолға қойыпты. Ұрлықты бірлесе кәсіп етіп, пайда тауып келгендердің ұзын саны оншақты болғанымен, сұғанақтардың әзірге екеуі ғана ұсталған. Күдіктілерден жалпы көлемі 200 тонна болатын мұнай өнімдері тәркіленген. Сондай-ақ, олардың заңға қайшы әрекет еткенін дәлелдейтін түрлі құжаттар да табылыпты. Айта кетейік, мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтар бұған дейін Ақтөбе және Қызылорда облыстарында ұсталған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Дін істері министрлігінің лауазымды шенеунігі сотын Астанада өткізуге қарсы шықты
Ақтөбеде үйлерді қирата жаздаған тепловоз машинисіне іздеу жарияланды
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды