Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде үйлерді қирата жаздаған тепловоз машинисіне іздеу жарияланды

Ақтөбенің қақ ортасында тепловоз рельстен шығып кетті. Жолай қаулап өскен тал-терекке соқпағанда, оның көпқабатты үйді қиратып кетуі мүмкін еді, – дейді КТК арнасы.

пеп

Бұл үйдің тұрғындары таң атпай қатты дауыстан шошып оянған. Дәл терезесінің алдында қисайып тұрған тепловозды көріп таң қалыпты. Отарба үй іргесіндегі газ құбырын жұлып кеткен екен. Сондықтан дереу өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды шақырып, сол маңдағы халықтың бәрі аулақ жерге шығарылды. Ең қызығы, жолдан шыққан тепловоздың машинисін сол бойда ешкім таба алмай қалды. Оны тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, тепловозды ол тұйық жолға тіреп бұрмақ болған. Бірақ қатты жылдамдықпен жүріпті. Ол аздай жолындағы бірнеше адамды қағып кете жаздаған. Әйтеуір, ешкім зардап шеккен жоқ.

“Адамдарды басып кете жаздады. Ішінде адам бар жоғын ешкім білмейді. Мен жүгіріп  депоға бардым. Машинистердің бірі ол жөндеуде деді, екіншісі біздікі емес деп шығарып салды”, – дейді оқиға куәгері Кенжебіл Ідірісов.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеліктер теңгеге арналған ескерткішке тәу етіп жүр

Қазақстанда теміржол билетін арзандату мәселесі қаралуда

Күн аса күшті жарылыс әсерінен сілкінді

Қазақ ақсақалы 12 баланы ажалдан аман алып қалған

Талқылау