Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда дұға үшін ақша талап еткен имам жұмыстан қуылды

Атырау облысында дін жолындағы қызметінде этикалық тұрғыдан тәртіп бұзған имам жұмыстан қуылды. Ол оқыған дұғасы үшін келушілерден ақша талап етіп, өзінің ізгі міндетін лайықты түрде атқармаған.

V0uqwpPodecV7s0xxvPbk13dP65FXj

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Анықталғандай, Сәрсенбай Кенжебаев діни қызметкерге лайықсыз әрекетке барған. Ол оқыған дұғасы үшін мешітке келушіден ақша талап еткен. Аталған факті бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шұғыл түрде тексеріс жұмыстарын жүргізді.

«Діни қызметкердің этикасы» құжатында көрсетілген талаптарды орындамағаны, сондай-ақ, ізгі міндетін дұрыс атқармағаны үшін Сәрсенбай Кенжебаев қызметінен босатылды. Бұйрыққа Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 2017 жылдың 10 қаңтарында қол қойды», – деп хабарланды басқарманың баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, Сәрсенбай Кенжебаев Атырау облысы Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылының молдасы қызметіне 2012 жылдың 30 қарашасында бекітілген болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде 20 жыл бұрын жоғалып кеткен бала қайта іздестіріле бастады (фото)

Санжар Керімбай кәпірмен төсектес болған қазақ қызының “бомба” хатын талдады

Астаналықтар қазақ қыздарының қытайлармен үйленуіне қарсы митингке шықты (видео)

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Талқылау