Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бағасы 6 миллион теңге тұратын балық ауланды

Салмағы 200 келіге жуықтайтын қорытпа жергілікті балық аулаумен айналысатын кооператив жұмысшыларының ауына түсіпті, деп хабарлайды КТК.

xlarge

Бағалы балықтың ұзындығы – 2 жарым метрге жуық. Аналық қорытпаның ауға түскеніне мамандар да қуанышты. Өйткені одан шамамен 30 келіге жуық уылдырық алынбақ. Кейін олар өсіп, салмақтары 3-4 грамм шабаққа айналған соң, Каспий теңізіне жіберіледі. Ал алып балықтың өзі қазір жасанды су қоймасында. Салыстырмалы түрде айтсақ, қара базарда бұл балықтың етінің бір келісі орта есеппен 3500-4000 теңге, ал уылдырығының бір келісі – 200 мың теңге шамасында.

“Балық маусымы жақсы басталып жатыр деп есептейміз. Жақсы шабақтар шығарамыз деп ойлап отырмыз”, – дейді Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының бас инженері Болат Мұхатжиев.

Жіберіп алмаңыз:

Әйгілі «Челси» немесе «Милан» командалары Астанаға келіп Қазақстан құрамасымен ойнамақ

Петербордағы жарылыстан соң Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қостанайда дәрігер қыз ұры болып шықты

Талқылау