Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев Ыстамбұлда өткен шотокан каратэден әлем чемпионатында "алтын" медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы WSF ұйымының 16-ыншы әлем чемпионатында 45-54 жас санатында (Shobu Ippon Kumite Open) өнер көрсетіп, турнирді жеңіспен аяқтады.
“Мұрзиев өз санатында барлық жекпе-жекте қарсыласын жеңген. Бірінші кездесуде ол Англия өкілі Майк Линчті 2:0 есебімен жеңді. Келесі айналымда да 2:0 есебімен басым түсті”, – делінген Sportdata турнирлік жүйесінің деректерінде.
Жартылай финалда атыраулық спортшы Кот-д’Ивуар өкілі Франк Лоусонмен кездесіп, тағы да 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Финалда Мұрзиев жеңісін қорытындылап, әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.
ОқыңызЧемпионатқа Түркия, Әзірбайжан, Ұлыбритания және Африка елдерін қоса алғанда, әртүрлі мемлекеттерден қатысушылар жиналды.
Айта кетейік, Марат Мұрзиев Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. Бұған дейін ол өңірдің бірнеше ауданын басқарған.
Еске салайық, 2024 жылы Марат Мұрзиев Австрияның Фюрстенфельд қаласында өткен чемпионатта Қазақстан намысын қорғап, годзю-рю каратэ-додан қола жүлдегер атанған еді.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?