Қазақстандық қос каратэші халықарылық турнирде топ жарды

Стамбұлда каратэден жылдың алғашқы Премьер-лига жарысы жалауын көтерді. Байрақты бәсекеде қазақстандық қос каратэші ару алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғашқы жарыс күні -55 келіде ел намысын қорғаған Бэлла Самашева ақтық сынға жолдама алды. Отандасымыз шешуші айқаста словакиялық Нина Квасниковадан айласын асырды. Осылайша ол ұлттық құрама сапынан алғашқы алтынды ел қоржынына салдв.
Ал жарыстың екінші күнінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева аса ауыр салмақты күш сынасты. Ол финалдық бәсекеде Непал елінің өкілі Арика Гурунгті тізе бүктіріп, чемпион атанды.
Айта кетейік, Бэлла Самашева екі дүркін Азия чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы. Бұған қоса әлем чемпионатның күміс медаль иегері.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді