Аттарына несие рәсімдеп, жұмысқа тұрғызамын деп алып кеткен: Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді
Ақмола облысында полицейлер несие ресімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Polisia.kz
Ақмола полиция департаментінің хабарлауынша, ұстау шаралары Көкшетау және Алматы қалаларында өтті.
Барлығы қылмыстық топтың 5 мүшесін ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жедел уәкілдердің айтуынша, бірнеше ай бойы төрт ақмолалық пен оңтүстік астананың тұрғыны негізінен ауылдық жерлерден адамдарды тауып, алдау жолымен олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеген.
Сенімге қиянат жасаудан басқа, жәбірленушілерді Алматы қаласына әкетіп, жылдам табыс табуға уәде берген.
Бүгінгі таңда топтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен 7 адам белгілі болды.
Полицейлердің айтуынша, құрбандардың нақты саны әлі де анықталып жатыр. Тінту іс-шаралары кезінде қолма-қол ақша, травматикалық және суық қару, сондай-ақ телефондар, флэш-карталар және банктік келісімдер табылып, тәркіленді.
“Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық бес қатысушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру аясында полиция қызметкерлері жәбірленуші азаматтардың санын және залалдың жалпы сомасын анықтап жатыр”, – делінген хабарламада.