Бектенов пен "Росатом" басшысы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Олжас Бектенов "Росатом" корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Rosatom
Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Атом энергетикасы, кванттық технологиялар, цифрландыру, сондай-ақ құзыреттер мен технологиялар алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды”, – делінген хабарламада.
Ресей Қазақстанда АЭС салу жөніндегі халықаралық консорциумға қосылуға дайын екенін мәлімдеді
Кездесуге қатысушылар аталған салалардағы заманауи технологияларға қатысты өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ салаларды одан әрі дамытуға бағытталған өзара іс-қимылы мәселелері талқыланған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан үкіметі елдегі АЭС құрылысын жүргізуі мүмкін компаниялармен келіссөздерді бастағаны туралы жазған едік.
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"