Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атом электр станциясын салу бойынша референдум биыл күзде өтеді – Тоқаев

Мемлекет басшысы Тоқаев елімізде атом электр станциясын салу туралы соңғы шешімді халық қабылдайтынын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Президент БАҚ саласындағы қызметкерлерді марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. 

“Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр станциясын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылып жатыр. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек”, – деді Тоқаев.



Мемлекет басшысы аталмыш мәселеге қатысты референдум биыл күзде өтетінін айтты.

“Шын мәнінде, еліміздің атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндігі бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды", – деп сөзін қорытындылады президент.

Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев АЭС салу туралы референдум жыл соңында өтуі мүмкін деп болжам жасаған еді. 

Талқылау