Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқаштағы атом электр станциясын салу бойынша тұрғындар қоғамдық тыңдауға шақырылды

Қарағанды тұрғындарын Балқаш жағалауында атом электр станциясын салу мәселесін талқылауға шақырды. "Станция бізге керек пе?", "Қандай қауіп-қатер бар?", "Қандай жақсы және жаман жақтары бар?" деген сұрақтар қарастырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерний Караганда" хабарлайды.

Фото: elements.envato.com

Ұйымдастырушылар барлық сұраққа жауап беруге уәде беріп отыр.

Айта кетейік, АЭС кеңестік кезеңде ірі электр станциясының іргетасын қалауға кіріскен Үлкен ауылында салынбақ.
Қоғамдық талқылау Қарағанды қаласы, Шахтеров даңғылы, 64, “Қоғамдық келісім” КММ ғимаратында 24 маусымда сағат 10:00-де өтеді.

Қазақстанда атом электр станцияларын салуға 10-15 миллиард долларға дейін қаржы жұмсалуы мүмкін. "Қазақстан атом электр стансалары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин қазіргі уақытта жобаға дейінгі жұмыстар жүргізіліп, онда Қазақстанда бірінші атом электр станциясын салудың түрлі нұсқалары қарастырылып жатқанын айтты. Оның айтуынша, бес жыл ішінде тек құрылыс құжаттары әзірленеді.



Еске салайық, бұған дейін Таразда облыстағы "Ақсақалдар кеңесінің" бастамасымен атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша көпшілік талқылады. Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақыра отырып, тиісті хабарландыруды Жамбыл облысының әкімдігі әкімдіктің ресми сайтында және Facebook парақшасында орналастырды.

Талқылау