Қазақстан қытайлық атом электр станцияларына 76 жылу бөлу жинағын экспорттаған
Қазақстан Қытайдың атом электр станцияларына 76 жылу бөлетін жинақ жеткізді. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"ҚазАтомӨнеркәсіп" құрамына кіретін "Үлбі металлургия зауыты" энергетикалық реакторлар үшін уран оксиді ұнтақтары мен отын таблеткаларының өндірісі бойынша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ құрамында уран бар қиын алынатын материалдарды қайта өңдейді. 2024 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 79 тонна уран өнімі шығарылды. Оның ішінде таблетка түрінде – 76 тонна, ұнтақ түріндегі уран диоксиді – 3 тонна", – деді министр.
Министрдің айтуынша, 2021 жылдан бастап "Үлбі-ТВС" зауыты Қытайдың атом электр станциясы үшін жылу бөлетін жинақ өндіру қызметін атқарып келеді.
"2024 жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың атом электр станцияларына 76 жылу бөлетін жинақтар жеткізілді", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Алматы мен оның маңында 70 мың ағаш құлады: 2011 жылғы жойқын дауылдың қандай салдарын қала әлі күнге дейін сезіп отыр
Медеу мен оған жақын шатқалдарда мұндай күшті дауыл соңғы 100–200 жылда тіркелмеген
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан