Атлант мұхитының түбінен белгісіз саңылаулар табылды
Мұхит және атмосфера зерттеулері ұлттық басқармасының ғалымдары Атлант мұхитының түбінен құпия саңылауларды тапты. Бұл туралы зерттеу тобы Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орта-Атлант үстірті ауданындағы құпия саңылаулар қашықтан басқарылатын сүңгуір қайықтардың көмегімен Азорск аралдарының маңындағы су асты жанартауының жотасынан, шамамен үш мың метр тереңдіктен табылған. Бұл саңылаулардың қалай пайда болғаны әлі анықталмаған. Себебі мұхиттың құмды түбі тегіс болған. Дегенмен ғалымдар саңылаулардың адамдардың қатысуынсыз пайда болғанына сенімді.
2022 жылы Гренобль-Альпі Университетінің мамандары Жер ядросынан әр 7 жыл сайын шығатын құпия магнит толқындарын тапқан.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды