Атышулы Конор Макгрегордың шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды
UFC тұжырымының екі салмақта чемпионы болған Конор Макгрегордың жекпе-жегі ресми түрде бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images
ММА спортының жарық жұлдызы, атышулы Конор Макгрегор үш жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Ирландиялық спортшының кезекті жекпе-жегінің қашан өтетінін UFC басшысы Дана Уайт ресми түрде жариялап, қарсыласының да кім болатынын айтты. Конор 29 маусым күні өтетін UFC 303 турнирінде атақты Майкл Чендлерге қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек 77 келі салмақ дәрежесінде Лас-Вегас қаласындағы “T-Mobile Arena” кешенінде өтеді.
Айта кетейік, Макгрегор соңғы жекпе-жегін UFC 264 турнирінде Дастин Порьеге қарсы өткізіп, жекпе-жекте аяғын сындырып алып, Дастинге екінші рет жеңілген еді.
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"

