Атышулы Айжан Байзақованың інісі анасына пәтер сыйлады
Блогер Айжан Байзақованың інісі анасына пәтер сыйлап, қуантты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/baizaakov
Әлихан Байзақов жөндеу жұмысы жүріп жатқан пәтерді анасына көрсетіп жатқан сәтін желіде жариялады.
“Анашым, бұл пәтер сенікі. Ең бақытты күндерімнің бірі “, – деп жазды ол. Суреттерден анасының қуаныштан көзіне жас алғанын байқауға болады. Блогердің анасына деген бұл тартуы көпті сүйсінтті.
“Жарайсың, сендер үшін қуаныштымын”, “Бізге де осылай ата-анамызды қуанту бұйырсын, әумин”, “Тағы бір арманың орындалды. Енді әкеңе көлік әперсең...”, “Ата-ананы қуантқанға не жетсін”, “Берекелі болсын”, – деп ақ тілектерін арнады жел қолданушылары.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды