Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыс қаруы, экстремистік әдебиеттер тәркіленді: Қырғызстанда билікті күшпен басып алмақ болған күдіктілер ұсталды

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті елдегі билікті күшпен басып алудың алдын алып, арнайы операцияның егжей-тегжейлері жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Азаттық радиосы/Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тінту кезінде күдіктілерден тапқан қару мен басқа да заттар

Агенттіктің мәліметінше, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар шеңберінде деструктивті топтың құқыққа қайшы іс-әрекеттері тоқтатылды.

"Күдіктілер билікті күштеп басып алуды жүзеге асыру және азаматтардың өлімімен байланысты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру арқылы елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруды жоспарлаған", – делінген агенттік хабарламасында.

Топқа қылмыстық идеологияны қолдайтын, сондай-ақ дінге қатты берілген адамдар кірді. Жүргізілген тергеу-жедел іс-шаралардың нәтижесінде Қырғызстанның төрт азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамауға алынды.

"Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша және пайдаланылатын автокөлік құралдарында жүргізілген тінту барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға арналған компоненттер, атыс қаруы, оқ-дәрілер, рациялар, сауыт-саймандар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киім-кешектері, дрондар, экстремистік әдебиеттер, сондай-ақ басқа да тыйым салынған заттар табылды және тәркіленді", – деді Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті.



Еске салайық, бұған дейін Алматының қылмыстық соты билікті басып алуды насихаттады деп айыпталған жеті күдіктіге қатысты істі қарады. Соттың мәліметінше, күдіктілерге жаппай тәртіпсіздікке шақыру, экстремистік топ құру, сондай-ақ қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтау арқылы билікті басып алуға насихаттағаны үшін айып тағылған. Прокурор барлық айыпталушыларды кінәлі деп тауып, оларға әртүрлі мерзімге – 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушылар кінәларын мойындаған жоқ.

Талқылау