Атыраудағы "ұшатын балықтар" жұртты шошытты
Ихтиолог-мамандар Жайық және Қиғаш өзендеріндегі балықтардың “ұшуына” қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Куәгерлер ондаған балықтардың судан қалай секіргенін, ал кейбіреулері түсірілім жүргізіліп жатқан қайыққа мініп алғанын видеоға түсіріп алған.
Жергілікті тұрғындары мұндай жағдай Жайық өзенінде жиі болатынын айтады. Оған қоса, карпалар судан көтерілгенде, өзеннің барлық жерінде көрінеді екен.
Сонымен қатар ихтиологтар тұщы судағы балықтардың мінез-құлықтарының бірнеше ықтимал себептерін атады. Бұл уылдырық шашу маусымы, судың сапасыздығы, суда оттегінің болмауы, жарқын жарық немесе қатты шу болған кезде орын алуы мүмкін.
Сонымен қатар олар соңғы екі жылда Жайық және Қиғаш өзендерінде тереңдету жұмыстары жүргізілгенін еске салды. Бұл балықтың әдеттен тыс әрекетін тудыруы мүмкін.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн